деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Батыстың ақпарат агенттіктері куәгерлерге сілтеме жасап, Шынжаңның әкімшілік орталығы - Үрімшідегі жаңа бұқаралық толқулар туралы бейсенбі күні хабарлаған болатын.
«Сыртқы істер министрлігі ондай мәлімет алған жоқ», - деп мәлім етті Қытай сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Цзян Юй ханым ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің сауалына берген жауабында. Цзян Юй ханымның айтуынша, қытай үкіметі «өңірдегі тұрақтылық пен ұлттық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге» қабілетті.
Шілденің 5-інде Үрімшіде болған бұқаралық толқу 200-дей адамның өмірін қиған болатын.