Қытай Сыртқы істер министрлігі үнді-қытай шекарасында СУ-30 жоюшы ұшақтарының орналасуы туралы БАҚ хабарларына түсіндірме берді

БЕЙЖІҢ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытай соңғы жылдары мемлекетаралық шекараны бұзуға жол беріп отырғаны туралы Делидің айыптауларын Бейжің негізсіз деп санайды және екі елдің шекарадағы орнықтылық пен тыныштықты бірлесіп қамтамасыз етіп, сәйкес қағидаларды сақтайтынына үміт білдіреді.

Бұл туралы сейсенбі күні Бейжіңде өткен брифингте Үндістанның қытай-үнді шекарасындағы әскери контингентінің санын көбейтуі туралы журналистің сауалына жауап берген Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дипломат, екі елдің арасындағы шекараның толық межеленбегенін жеткізе келе, осы мәселені келіссөз арқылы әділ және тиімді шешудің жолдарын іздестіруге Қытайдың үнді тарабымен бірлесе отырып күш салуға әзір екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, қытай-үнді шекара мәселесінің тезірек шешілуі екі ел басшылары анықтаған қытай-үнді қатынастарын дамыту жөніндегі он стратегияның бірі болып табылатынын атап өтті. Осының алдында үнділік бұқаралық ақпарат құралдарының елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, бірнеше рет мемлекетаралық шекараны бұзуға жол берген Қытайға жауап ретінде Дели шекаралас аудандағы екі әскери бөлімдегі әскери қызметкерлердің санын 50 мыңнан 60 мыңға жеткізіп, өз контингентерін СУ-30 жоюшы ұшақтарымен күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл жаңалық екі елдің сарапшылар топтарында қызу әңгіме туғызып отыр. Қытай өкілдері, Үндістанның, егер ол қытай аумағына басып кіруді ойламаса, шекарадағы әскери контингенттің санын арттыруына негізі жоқ екенін айтып отыр. Оған қоса, әскери әлеуетті арттыру Үндістанға Қытаймен келіссөз үдерісінде басымдық бере алмайтыны анық.