Бұл туралы сейсенбі, 30 қараша күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргідей жағдайда, тараптардың диалог пен келіссөз арнасына мүмкіндігінше тезірек оралуы төтенше маңызды. «Мүдделі тараптар түбектегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған алтыжақты келіссөздердің аясында диалогтар мен консультациялар өткізу арқылы проблемаларды лайықты деңгейде реттеуге бірлесіп күш салады деген үміттеміз», деп атап көрсетті Қытай дипломаты.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай алтыжақты келіссөздердің аясында желтоқсан айында Бейжіңде делегация басшыларының шұғыл консультацияларын өткізуді ұсынған болатын. «Біз діттеген мақсат - түбектегі ушыққан жағдайды жұмсарту және тараптардың диалогына жағдай жасау», - деп мәлім етті Қытай сыртқы саясат ведомствосының өкілі.