Делегацияны облыс әкімінің орынбасары Ермек Сәлімов бастап барды.
Осының алдында Өскеменге қытайлық делегация: Шәуешек қаласының мэрі Жұмағазы, Тарбағатай округі әкімінің орынбасары Мәмеджан Абыл және Тарбағатай округінің жоғары кернеулі стансысының бастығы Мұрат Кәкен келіп кеткен еді.
Қытайлық делегация «Бақты» тексеру-өткізу бекетінде біркүндік визасыз бекет ашу мәселесі бойынша аймақ әкімшілігімен кездесті, одан кейін өткен баспасөз конференциясында Шәуешек өкіметі Шығыс Қазақстан делегациясын сауда үйінің ашылуына орай қонаққа шақырды.