Қытай тауарларына ЕЭК демпингке қарсы зерттеу жүргізеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия Қытайда жасалған ыдыс-аяқтарға қатысты демпингке қарсы зерттеу жүргізуді бастайды.

«Оларға тот баспайтын болаттан жасалған қасықтар, шанышқылар және басқа да ас үй құралдары жатады», - делінген хабарламада. «Қытайдан келетін демпингті импорттың өсуі Кеден одағы кәсіпорындары өндіретін тауарының бағасына кері әсер тигізуінен ас үй және асхана құралдарын шығарумен айналысатын КО кәсіпорындарының қаржы-экономикалық жағдайы едәуір нашарлаған», - деп атап өтілді ведомствода.