Қытай телекоммуникациялық технологияларды сынау үшін жаңа спутник ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР телекоммуникациялық технологияларды сынақтан өткізетін заманауи жерсерікті сәтті ұшырды, деп хабарлады РИА Новости ҚХР қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Спутник бейсенбі күні жергілікті уақытпен 23:19-да Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан "Чанчжэн-3B" тасығыш-зымыраны арқылы ұшырылды. Ол спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін және көпжиілікті, жоғары жылдамдықты деректерді беруді сынау үшін қолданылады. Спутникті жіберу -  2017 жылдағы Қытайдың алғашқы сәтті ұшыруы болды.

Бұған дейін Қытай аэроғарыштық ғылым және техника корпорациясы (CASC) 2017 жылы ғарышқа 30 зымыран ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.