Қытай тілі Ресейде кеңінен танымал болып келеді

None
БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Сәрсенбі күні Бейжіңде Қытай тілінің Ресейдегі жылының аясында қытай тілінде жарияланған онлайндық конкурстың басталу рәсімі өтті.

«Жэньминь жибао» басылымының бас редакторының орынбасары Ми Бохуаның айтуынша, былтыр «орыс тілінен онлайн-конкурс» сәтті өткізілгеннен кейін, «Жэньминь жибао» мен «РИА «Новости» агенттігі биыл қытай тілінен конкурс ұйымдастырып отыр.

«Интернетітң арқасында, елдердің арасындағы географиялық қашықтықты қысқартуға, тіл мен мәдениетті қарым-қатынас көпіріне айналдыруға болатындығына сенемін», - деп атап көрсетті Ми Бохуа өз сөзінде.

Ал «Жэньминьвана» вице-президенті Ло Хуа мырза өз кезегінде, Ресейде қытай тілінің мамандарына сұраныс артып келе жатқанын, жас ресейліктердің кәсіби мансабында қытай тілін білу басты басымдыққа айналып отырғанын атап көрсетті.

«Конкурстың басты мақсаты қытай тілін үйренуге деген ықыласты арттыру, тіл білетін жастарға қытай мәдениетін терең зерттеуге мүмкіндік жасау, қытай тілінде білім алатын және қытай тілімен әуестенетін барша адамдарға өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау болып табылады», деп түйіндеді өз сөзін Ло Хуа.

Бірнеше аптаға созылатын конкурстың жеңімпаздарын Қытайға тегін саяхат күтіп тұр.