Қытай тілінің латынша транскрипциясын жасаушы 112 жасында өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бүкіл әлем мойындаған қытай тілі пиньинінің латынша транскрипциясын жасаушы Чжоу Югуан қайтыс болды, деп хабарлайды The Paper.

13 қаңтар күні қария 111 жылдығын атап өткен. Чжоу Югуан 1906 жылдың 13 қаңтар күні Цзянсу провинциясының Чанчжоу қаласында дүниеге келген.

Пиньинь қытай тілін латын әріптерін қолданып жазғандағы фонетика жүйесі болып табылады. Қытайда ол ресми түрде 1958 жылы бекітілсе, 1979 жылдан бастап бүкіл әлемде қолданылып келеді.

Югуан бірнеше шетел тілдерін: ағылшын, жапон және француз тілдерін меңгерген. Оның пиньинь жобасы 1956 жылдың ақпан айында дайын болған еді, дегенмен ол екі жыл бойы жүйені толықтай жетілдірумен айналысты.