Жицзао қаласының тұрғыны Чжан Дэян қаралы рәсімді ұйымдастыру үшін 16 мың юань (2,5 мың долларға жуық) жұмсаған. Жергілікті зиратта оның есімі жазылған құлпытас орнатылған.
Сол кезде 66 жастағы ер адам жақындарының оның бейітінің басында дұға оқып жатқандарын сырттан бақылап тұрған. Ол рәсімге 50 туысын шақырған екен, бірақ соның небәрі 20-сы ғана келген. Дегенмен, «жерлеу рәсіміне» көрші кенттерден бірнеше жүз адам келген.