Қытай тұрғынының жүктілігі рекордтық 17 айға созылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хунань провинциясының тұрғыны таяуда жүктілік мерзімі жағынан әлемдік рекорд орнатты. Ол 17 айға созылған, деп хабарлады ria.ru People's Daily -'Жэньминь жибао' басылымына сілтеме жасап.

 Ван Ши өткен жылы ақпанда жүкті болған. Дәрігерлер 15 қарашада туады деп болжаған.

  Алаңдаулы әйел ауруханаға 7-10 күн сайын бара бастады.  Оның денсаулық жағдайы жақсы. Әйелдің  айтуынша, 18-інші айда оған ота жасайды.