Қытай туристер үшін құпия ядролық орталық ашты
Бір кездері құпияланған «816 жерасты ядролық әскери зауыты» стратегиялық нысан бірнеше күн бұрын қалыпқа келтіру жұмыстарынан кейін ашылып, келушілердің алғашқы тобын қабылдады, деп хабарлады «Синьхуа» АА.
Бұрынғы әскери зауыт 18 негізгі ғимараттан, біріктірілген 20 км туннельден тұрады. Зауыт залдарының бірінің күмбезі 80 метр биіктікке көтерілді. «816 нысаны» 8 балдық жер сілкінісі мен тікелей авиасоққыларға төтеп бере алады.
1966 жылы КСРО мен ҚХР арасындағы қарым-қатынас суи бастағанда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінде ядролық зауыт тұрғызылды. Оның құрылысына 60 000 астам түрлі маман қатысты. 1984 жылы зауыт тоқтатылып, 26 жылдан кейін оның аумағына алғаш рет туристік топтарды кіргізілді.
Кейін «816 нысанын» қалыпқа келтіріп, бейбіт тұрғындар үшін қызықты орынға айналдырылды. Енді зауытты қытайлықтармен қатар шетелдік туристер де тамашалай алады.
Фото: Chen Cheng / Globallookpress.com