деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Тыйым қазанның 1-інде Қытайда коммунистік басқарудың 60 жылдығын тойлау қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Сонымен қатар, Қытайда елдің көптеген дүкендерінде пышақтарды сатуға да тыйым салынды.
Тибеттің астанасы Лхастағы қонақүйлердің бірінде агенттікке хабарлағанындай, шетелдік туристердің келуіне салынған тыйым қазанның 8-іне дейін созылатын болады. Мұның алдындағы Тибетке келуге тыйым екі айға созылғанын атай кеткен орынды.