Бұл ақшалай қаржы ауғандық босқындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жұмсалады.
Еске сала кетейік, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен қазіргі таңда 20 млн-нан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұрғандығын атап өткен еді.
«Біз тарихтың ең сындарлы шағында тұрмыз. Біз жылдың басында-ақ халықаралық ұйым тарихындағы ең алғашқы ірі дағдарыспен бетпе-бет келдік. Осы уақытта 4 мемлекеттегі 20 миллионнан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұр. Жаһандық деңгейдегі жақсы үйлестірілген ұжымдық әрекет болмаса, адамдар аштықтан қырылып қалады. Аман қалғандары түрлі аурулар мен қиындықтардан зардап шегеді»,-деді О'Брайен.
23:00, 11 Наурыз 2017
Қытай үкіметі БҰҰ-ға гуманитарлық көмек көрсету үшін 1 млн доллар бөлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғары комиссарының босқындар бойынша басқармасы бейсенбі күні Қытай үкіметінен 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.