Дүйсенбі күні ҚХР орман шаруашылығы мемлекеттік басқармасы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Халықаралық табиғатты қорғау және табиғи ресурстар ұйымы жуырда үлкен панданы Қызыл кітаптағы «жойылу қаупі бар» тізімнен шығару туралы ұсыныс жасаған болатын.
«Егер біз үлкен пандаларды қорғауға күш салуды азайтсақ, біздің осы күнге дейін жасаған еңбегіміз еш болады», - деді ҚХР орман шаруашылығы мемлекеттік басқармасының мамандары.
Жылдар бойы Қытай үлкен пандаларды қорғау бойынша бірнеше бастамаларды жүзеге асырды, қорықтар құрды. 2015 жылдың соңына қарай бұл жануар түрінің 1864 өкілі жабайы табиғатта өмір сүретіні анықталды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 800-ге көп. Торда өмір сүретін тағы 422 пандаға күтім көрсетілуде.