Бұл туралы бүгін Бейжіңде Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысы 11-шақырылымының 4-сессиясының аяқталуынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао мәлімдеді.
Қытай премьерінің айтуынша, алдағы бес жыл ішінде Қытай экономикасының 7 пайыздық жыл сайынғы өсімін қамтамасыз ету қажет. «Экономиканың жоғары қарқынды дамуы жұмыспен қамту жағдайын тұрақтандырғанымен, инфляциялық қысымды да арттырады. Экономиканың төменгі даму қарқыны жұмыссыздықтың өсіміне себепкер болмайды және экономикалық құлдырауға әкелмейді», - деп атап өтті Вэнь Цзябао.