Қытай БАҚ-тарының хабарлауынша, ҚХР Сыртқы істер министрлігі Үндістан елшісін шақыртып, егер елінің үкімет басшысы сол аумаққа баратын болса, Қытайдың шекаралық тұтастығын бұзған болып есептелетінін ескерткен. Алайда, Моди жұма күні Аруначал-Прадешке аумаққа штат мәртебесін бергеніне 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараларға қатысу үшін барды. Еске сала кетейік, аталған мәселе бойынша, 1962 жылы Үндістан мен Қытай арасында қарулы қақтығыс болған.
17:08, 22 Ақпан 2015
Қытай Үндістанға наразылық нотасын жолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің даулы аймақ Аруначал-Прадеш штатына барғаннан кейін наразылық нотасын жіберді, себебі Бейжің бұл аумақ Тибетке тиесілі деп санайды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.