ҚХР басшысы, Орталық әскери кеңестің төрағасы 27-28 сәуір күндері жасаған сапары барысында Қашғар қаласында орналасқан Шыңжаң әскери ауданының қарулы халық сақшыларының бөлімдерінде болды, сонымен бірге төтенше жағдай бола қалған жағдайда автономиялық ауданның қоғамдық қауіпсіздігін сақтайтын патрульді қарауыл қызмет көрсету органдары қызметкерлерінің дайындығын көрді.
«Қашғар терроризмге қарсы күрес аймағында орналасқан», - деп мәлімдеді полиция қызметкерлерін халыққа қызмет көрсету мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізуге шақырған Си Цзиньпин өз сөзінде.