Қытай ұшағы жоғалған «Боингтің» қирандылары болуы мүмкін 3 нысан тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ӘТК-нің Ил-76 ұшағы Үнді мұхитының оңтүстігінде жоғалып кеткен малайзиялық «Боинг» әуе кемесінің бөлшектері болуы мүмкін 3 нысан тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Нысандар ақ, қызыл, сарғылт түсті. Оны қытай ұшағы шамамен 300 метрлік биіктіктен байқаған.

Күні кеше ғана Австралияның теңіз қауіпсіздігі басқармасы Жаңа Зеландия ӘТК ұшағы жоғалған ұшақ бөлшектері болуы мүмкін қирандыларды тапқандығын жария еткен еді.

Сенбі күні Австралия Премьер-Министрі Тони Эббот іздеу операциясына жұмылдырылған қызметтер аталған нысандарды мұхиттан шығарып ала алмағандығын мәлім еткен болатын. «Кеше біз мұхиттағы бірнеше нысанның суретін алды. Өкінішке орай, іздеу аумағында 6 кеме болғандығына қарамастан әлі күнге дейін бөлшектерді шығару мүмкін болмай отыр», - деген еді ол.

Сонымен қатар ол австралиялық билік лайнерді іздеу жұмыстарын тоқтатпайтындығын атап өтті.

Іздеу аумағынан «Боинг» бөлшектері болуы мүмкін жүздеген нысанның табылғандығы жайында Тайланд билігі де жария еткен болатын.