Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған ұшақ заманауи әскери барлау және шабуылдау техникаларымен жабдықталған және 10 мың метр биіктікте 60 сағат бойы ұша алады. Сондай-ақ оның 1 тонна жүкті алып ұшуға қауқары бар.
CASC арнайы өкілінің айтуынша, CH-5 ұшқышсыз ұшақ жоғары технологиялы камера мен барлау құрылғыларымен жарақтандырылған. Ол қоршаған ортаны қорғау, өрттен сақтану және теңіз байлықтарын барлау бағыттарында қолданылмақ.
Айта кетейік, Rainbow - CH-5 ұшқышсыз ұшағы 2016 жылы Қытайда өткен Авиация және ғарыштық көрмесінде таныстырылған еді.