«Мың арал провинциясы» атауымен белгілі Хубэй провинциясында көптен бері жауын жаумағандықтан шамамен алғанда 1600 су қоймасындағы су деңгейі бірден төмендеп кеткен. Осы провинциядағы құрғақшылықтан 900 мың гектар ауыл шаруашылығы егістігі зардап шекті, 800 мыңға жуық жергілікті тұрғын ауыз су тапшылығын сезініп отыр.
Янцзы өзенінің төменгі бөлігінде орналасқан Қытайдың басқа да провинциялары осындай жағдайды бастан кешіруде.