Қытай Венесуэлаға бес миллиард долларды не үшін берді?

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай Венесуэлаға тұрғын үй саласын дамыту үшін бес миллиард доллар бөлді. Бұл туралы Венесуэла президенті Николас Мадуро мәлім етті, деп хабарлады Associated Press.

Бұл қаражат сонымен қатар көлік саласын, спутниктік технологияларды дамытуға және әскери қажеттіліктерге жұмсалады.

Мадуро бұл мәлімдемені Венесуэладағы «Ұлы тұрғын үй миссиясы» («Gran Mision Vivienda») бағдарламасының іске қосылуы кезінде жасады. Қытай бөлген қаражаттың негізгі бөлігі осы бағдарламаға жұмсалады деп жоспарлануда.

Қытай Венесуэланың басты экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.