Қытай юань курсын тұрақты ұстап, экономиканың нақты секторын дамытуға күш салмақ

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 2022 жылы Қытайдың Мемлекеттік кеңесі (үкімет) юань курсын тұрақты деңгейде ұстап тұрады. Бұл туралы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Юань курсын тұрақты деңгейде ұстап қалу керек», - делінген құжатта.

Қазіргі кезде Қытай билігі экономиканың нақты секторын дамытуға қатысты мәселелерді шешуді көздеп отыр.
«Көптеген нарық субъектілері несие алу рәсімдерінің жеңілдетілгенін және қаржыландыруға арналған жиынтық шығындардың айтарлықтай төмендегенін шын мәнінде сезінуі үшін қаржы мекемелеріне несие мен мен комиссиялық төлем бойынша нақты пайыздық мөлшерлемені төмендетуге жәрдем көрсету», - деп нақтыланған құжатта.