Қытай зейнеткерлік жасты көтеруге әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халықтың қартаю үрдісі тарапынан қысымды азайту мақсатында 2017 жылы заңда көзделген зейнеткерлік жасты көтеру жоспарын әзірлеуде.

«Жоспар бесжылдық өтпелі кезеңнен кейін 2022 жылы іске қосылуы мүмкін», - деп хабарлады сенбіде China News ҚХР Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің зерттеушісі Цзинь Вэйганға сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес 16-60 жас аралығындағы қытай тұрғындарының саны 2015 жылы 4,87 млн адамға қысқарып, 911 миллионға дейін азайды.

Қазіргі уақытта Аспан асты елінде ерлердің зейнеткерлік жасы - 60, өндірісте емес салада еңбек еткен әйелдердің зейнеткерлік жасы - 55, өндірістік саладағылардың зейнеткерлік жасы - 50 жас, деп хабарлайды Синьхуа.