Кеше, сейсенбі күні ҚХР еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Вэйминь бүгінгі таңда зейнеткерлік жас әйелдер үшін 50 және 55, ерлер үшін - 60 екендігін, бұл 1953 жылы белгіленгенін мәлімдеді.
«Ол бүгінгі әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына жауап бермейді, сондықтан оны өзгерту қажет», - деп атап өтті ол.
Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен ұлғайту әлем елдерінде, әсіресе дамыған мемлекеттерде жалпыға бірдей қабылданған тәжірибе болып табылады, - дейді министр.