Қытай Жаңа Зеландиямен достық қарым-қатынасын нығайта түспек - Си Цзиньпин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Жаңа Зеландиямен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ынталы. Бұл туралы сәрсенбі күні «Нью-Зиланд геральд» газетінде жарияланған ҚХР төрағасы Си Цзиньпинның авторлық мақаласында жазылған, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Еске сала кетейік, бүгін Си Цзиньпин Қытай мемлекетінің басшысы ретінде алғашқы сапарымен Жаңа Зеландияға барды. Сапарының мақсаты аталған елмен достық қарым-қатынасты нығайта түсу.

Екі елдің дипломатиялық байланысы 1972 жылы орнаған.