Қытай және ЕО Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтауға күш біріктіруде

БЕЙЖІҢ. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қытай және Еуропалық Одақ Орталық Азия бойынша байланыстар мен өзара іс-қимылды одан әрі қолдауды жалғастыруға, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға күш біріктіруге уағдаласты. Мұндай шешім ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин және ЕО Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Патриция Флор арасындағы кездесу барысында қабылданды, деп хабарланған ҚХР СІМ сайтында.

Брюссельде, ағымдағы жылғы 25 шілдеде Қытай мен ЕО арасында Орталық Азиядағы ахуал жөнінде келіссөздер өтті. Тараптар Орталық Азия, Ауғанстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы жағдайды дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.