Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея дағдарысқа қарсы қор құрды
17:07, 04 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея 13 азиялық мемлекетке көмек көрсету үшін 120 млрд. доллар көлемінде дағдарысқа қарсы қор құрды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Қытай мен Жапония 32 пайыздан, Оңтүстік Корея 16 пайыз көлемінде қаржы салды. Қалған қаражат Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығынан (АСЕАН) түспек. Қор жыл соңына қарай жұмыс жасай бастайды. Естеріңізге сала кетейік, Лондонда G20 саммитінде Бүкіләлемдік валюта қоры дамушы елдерге көмек көрсету үшін 1 триллион доллар қаржы бөлуге шешім қабылдады. Халықаралық валюта қорының дағдарысқа қарсы несиесі алдымен Мексикаға берілмек.