«Жэньминь Жибао» басылымының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың сәуірінде «Қытай жастары» газеті зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның барысында сұрау салынған 2 072 адамның 83 пайызы иеороглифтерді жазуға қиналатынын айтты. Ал келесі бір зерттеудің нәтижесі сұхбат берушілердің 80 пайызының кейбірі иероглифтердің жазылу тәртібін естен шығарғанын көрсетті. Көп адамдарға иероглифтер жазудың қажеттілігі де жоқ екен.
Мамандардың пікірінше, жастардың иероглифтерді жаза алмауының басты себебі, телефон арқылы СМС жіберудің салдары: қытайлықтар әлемнің өзге халықтарына қарағанда ең көп СМС жазатын халық. СМС-тер транскрипциялық жүйе арқылы жазылып, иероглифтердің күрделі жазылуын алмастырады.