Қытай қоғамдық денсаулықты сақтаудың жаһандық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алды. Ухань P4 зертханасының директоры Юань Чжипэн аталған зертхананың биоқауіпсіздік бойынша толық және заманауи жүйемен қамтуын және жұқпалы ауруларды бақылайтын, алдын алатын, күшті қоздырғыштарды сақтайтын қытайлық орталық және жұқпалы аурулар бойынша БҰҰ анықтамалық зертханасы етуді ұсынды.
Бүгінге дейін тұрғызылған ғимараттармен салыстырғанда, P4 зертханасының биоқауіпсіздікті қорғау деңгейі өте жоғары. Ол жұқпалы қоздырғыштардың ортаға тарауын тоқтатады және зерттеушілерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Қытай ғылым академиясының вице-президенті Чжан Япиннің айтуынша, жаңа және жұқпалы ауруларды қадағалау және алдын алу қабілеті бойынша, зерттеудің ғылыми-зерттеушілік мүмкіндіктерін дамыту және антивирустық құралдар мен екпелер жасау бойынша Ухань P4 зертханасының Қытай үшін негіздік және техникалық мәні орасан.
Соңғы 30 жылда әлемде жаңа жұқпалы аурулар пайда болды. Қытайдан өзге Франция, Канада, Германия, Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Оңтүстік Африка және өзге мемлекеттерде Р4 зертханалар бар.