Қытай жұртшылығы Айдаһар-қайықтардың мерекесін атап өткелі жатыр

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Бейжің маңындағы Шуньи каноэ-саябағында жұма күні  айдаһар-қайықтар мерекесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Мереке ай күнтізбесі бойынша 5-айдың 5-і күні тойланады. Бұл мереке 2008 жылдан бері Қытайдағы ресми мереке болып табылады және үш күн қатарынан тойланады.