Қытай зымыраны байланыс жерсерігін орбитаға шығара алмады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат -     Қытайлық  "Чанчжэн-3"   зымырантасымалдағышы   ақаудың салдарынан  дүйсенбі күні   индонезиялық  байланыс жерсерігін   белгіленген   орбитаға шығара алмады,

деп   хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.

Зымыранның   алғашқы  екі сатысы  белгіленген режімде  жұмыс істеген,  бірақ  үшінші сатыдағы ақау  Palapa-D   жерсерігін      орбитаға    шығаруға   мүмкіндік  бермеген.

Мамандар қазір   сәтсіз   ұшырудың себептерін    тексеріп    жатыр,    дегенмен   жерсерік     әлі  бақылауда және   оның  орбитасын    түзетуге  мүмкіндік бар.