Қытай зымыраны байланыс жерсерігін орбитаға шығара алмады

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Қытайлық 'Чанчжэн-3' зымырантасымалдағышы ақаудың салдарынан дүйсенбі күні индонезиялық байланыс жерсерігін белгіленген орбитаға шығара алмады,

деп   хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.

Зымыранның   алғашқы  екі сатысы  белгіленген режімде  жұмыс істеген,  бірақ  үшінші сатыдағы ақау  Palapa-D   жерсерігін      орбитаға    шығаруға   мүмкіндік  бермеген.

Мамандар қазір   сәтсіз   ұшырудың себептерін    тексеріп    жатыр,    дегенмен   жерсерік     әлі  бақылауда және   оның  орбитасын    түзетуге  мүмкіндік бар.