Тайфун Гуандун провинциясындағы Тайшань қаласының жағалауына жергілікті уақытпен шамамен таңғы тоғыздарда жетті. Зілзала ошағындағы желдің жылдамдығы секундына 33 метрге дейін, яғни 12 балл болды.
Бұған дейін Гонконг және Макаодағы арнайы әкімшілік аудандарының билігі «Пакхар» тайфунының жақындап келе жатқандығына байланысты дауылды қауіптіліктің сегізінші деңгейін хабарлаған болатын.
Тайфуннан зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпрат жоқ.