Қытайда 10 секундта зарядталатын әлемдегі алғашқы электроавтобус шықты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Нинбо қаласында сыйымдылығы жоғары аккумуляторы бар әлемдегі алғашқы электроавтобус шығарылды. 10 секундтық қуат оған 5 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтуге жетеді.

Ұзындығы 18 м немесе 12 метр жаңа электроавтобусты Қытайдың оңтүстік «Наньчэ» локомотив-құрылыс корпорациясының еншілес кәсіпорны - электровоз шығаратын Чжучжоу компаниясы жасады.

Бұл көлік құралына электр беру желісі қажет емес, ол жүру үшін әр аялдамада жылдам қауат алатын құрылғы орнатса жеткілікті. Аккумулятор жолаушылар шығып-кіргенше қуат алып үлгереді. Оны пайдалаудың жобалық мерзімі - 12 жыл.