Қытайда 13 адам салынып жатқан туннель ішінде қалып қойды

АСТАНА. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан туннель бітеліп, ішінде 13 адам қалып қойды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түнде Шицян қаласы маңында болған. Агенттіктің хабаралуынша, жұмысшылар салынып жатқан туннель аузынан 600 метр қашықта қалды.

Оқиға болған жерге ауыр техника жұмылдырылып, құтқарушылар мен жедел жәрдем шақыртылған.