Қалдықтар Чэндэ қаласы Фэннин-Маньчжур автономды уезі аумағынан алынды. Олар екі құсжамбасты динозавр инфражасағы – стегозавр мен мүйізді динозаврға жатады.
Ұзындығы 5 метрлік стегозавр қалдығы мінсіз сақталған. Тасқа айналған сүйек айналасынан тері бөліктері табылды, ол қабыршақ құрылымы бойынша қазіргі жылан немесе кесірткелердің қабығына ұқсайды.
«Біздің заманымызға дейін динозавр терісінің сақталуы – сирек кездесетін, ғылыми құндылығы жоғары құбылыс», - деп жазады Линьи университеті геология және палеонтология институтының қызметкері Го Ин.
Оның пікірінше, стегозаврдың тері бөлігі табылған аумақ – 3 шаршы метр. Олжа динозавр түрінің ерекшелігі, терісінің физиологиялық қызметі, географиялық жағдай мен климаттың өзгеруі сынды бағыттарды терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Екіншісі – ғалымдардың пікірінше, сүйекті динозаврлардың «көне» өкілі. Оның бас сүйегінде ростралы сүйек сәл ғана шығып тұр, ал артқы аяқ-қолы алдыңғысынан айтарлықтай ұзын. Институт профессоры Чжан Фучэн мұндай олжа құсжамбасты динозаврлардың осы түрін зерттеу саласындағы білімді тереңдетуге мүмкіндік беретінін айтады.