Оқиға Гуйчжоу провинциясындағы Бицзе қаласында болған. Есімі айтылмай отырған бала достарымен бірге өзен жағасында жүрген. Секіріп ойнап жүрген ол бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып, өзенге құлап кетеді, іле жылдам ағыс оны сарқырамаға бір-ақ алып барды.
Құлап бара жатқан бала орта жолда судан шығып тұрған тасты қармап ұстап, полицейлер келгенше айырылмаған. Сақшылардың бірі арқанмен балаға жетіп, оны жоғарыға көтеріп алып шықты.