«Сайттар арнайы лицензиясыз жұмыс істегені себепті жабылған. Одан бөлек тіркелу кезінде жалған мәліметтер енгізілуі және порнографиялық контенттің болуы да анықталған. Бұның бәрі Қытай заңнамасына қайшы», - делінген Бейжің интернет-ақпараттары басқармасының Weixin әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметте.
Жабылған вебсайттар ішінде танымал экономист Мао Юйшидің «unirule.org.cn» және «china-review.com» сайттары да бар. Бұлардың 2,67 млн. жазылушысы бар Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасы да бұғатталды.