3000 тонна жанармай тиеген танкер бейсенбі күні 03:39-да құм мен қиыршық тас тасымалдап бара жатқан кемемен соқтығысқан. Апат салдарынан танкердің палубасы өртеніп, құрғақ жүк таситын кеме суға батып кеткен. Құтқарушылар үш адамды аман алып қалды.
Танкердегі өрт бақылауға алынып, құтқарушылар сенбі күні таңертең сегіз адамның мәйітін тапты.
Жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына 15 кеме мен екі ұшақ жұмылдырылған.