Қытайдың солтүстік-батысындағы мұсылмандар басым тұратын Нинся-Хуэй автономиялық өлкесінде 2012 жылдан бері «Құдыретті құдай» сектасының 800 мүшесі және тыйым салынған «Disciples Sect» сектасының 580 жамағаты тұтқындалған. Діни секталардың 1200-ден астам мүшесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 мүшесіне айыптау тағылған, 59-ы - түрмеге отырғызылған.
Солтүстікқытайлық Ляонин провинциясында 2013 жылдан бері «Құдыретті құдай» сектасының 113 жамағаты тұтқындалып, олардың 20-сы түрмеге жабылған.
Еске сала кетейік, 2014 жылғы мамырдағы «Құдыретті құдай» сектасының қызметімен байланысты қайғылы оқиға қытай қоғамын дүр сілкіндірді. Осы сектаның жақтаушылары Шаньдун провинциясындағы «Макдональдс» мейрамханаларының бірінде жұрттың көзінше әйел адамды өлтірген. Оған құрбан болған әйелдің «Құдыретті құдай» сектасы мүшелеріне өзінің байланыс мәліметтерін беруден және осы аталған діни қоғамға кіруден бас тартуы себеп болған.
Қытайда «Құдыретті құдай» сектасы 90-шы жылдардың басынан пайда болған, оның негізін қалаушы - Чжао Вэйшэнь. Секта жамағаттары Қытайда «ақырзаман» туралы сыбыс таратқан. 1998 жылдың күзінде жергілікті халықты тонап, зомбылық көрсеткен. 2000 жылы сектаның негізін қалаушы Чжао Вэйшэнь АҚШ-қа кетіп, саяси баспана алды. Кейіннен ол АҚШ-та сектаның штаб-пәтерін ашты.