Қытайдың орталық теледидарынан хабарланғандай, оқиға Лунъянь қаласына жақын жерде орын алды. Шамамен 30 метр қабырға құлаған, құтқарушылардың бағалауынша, тоннельге кіреберіс жолды жауып тастаған үйінді көлемі 5 мың текше метрді құрайды. Жұмысшыларды құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік бұл тас жол Фуцзянидегі Сямэнь қаласы мен Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы - Чэнду қаласының арасын жалғастыруы тиіс.