Қытайда 23 жыл қашып жүрген қылмыскер қолға түсіп, 1 күннен соң қайта қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ян есімді қытайлық көршісін өлтіргені үшін 1991 жылдан бері іздеуде жүрген. 23 жыл бойы қолға түспеген ол қыркүйектің 23 күні ұсталып, 24 қыркүйек күні сағат 17-30 шамаларында Бейжің халықаралық әуежайында мекенжайы бойынша жазалауға алып кетіп бара жатқан жерінен қашып кеткен, деп хабарлады Қытайдың «Заң» газеті.

Қазір оны іздеу жұмыстары қайта басталды. Ол Ішкі Моңғол провинциясының азаматы екен.