Қытайда 28 адам тайфуннан көз жұмды

Фото: None
ХАНЧЖОУ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат – Демалыс күндері Қытайдың шығыс жағалауларына келіп соғылған «Лекима» тайфунынан құрбан болғандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билікжексенбіде 20 адамның хабар-ошарсыз кеткенін де мәлімдеді.

Алапат дауыл салдарынан 1,08 миллион адам қауіпсіз жергекөшірілді, Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шеккен.

«Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы 1:45-тежеткен. Тайфун өзімен бірге нөсер алып келді. Юцзя уезінде толассыз жауғаннөсерден су тасқыны болды.

Синоптиктер бүгін алапат дауыл Шаньдун провинциясына жетедідеп болжап отыр.

Айта кетейік, «Лекима» биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфунболды. «Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондағанадам эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар