Қытайда 3 мыңнан астам құл босатылды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасында адамдарды құлдыққа сатумен күресу жөніндегі операцияның нәтижесінде 3 мыңнан астам әйел мен бала азат етілді.

Полиция  өкілдерінің   хабарлауынша,  ұрланған  адамдарды іздеу  шаралары    төрт ай бойы  жүрген.     Операция  барысында  сондай-ақ,  824 адам  тұтқындалды, олардың 15-і  - құл  сату  желілерін  ұйымдастырушылар   болуы   ықтимал,  деп   хабарлайды  Associated Press   қытайлық    бұқаралық ақпарат  құралдарына сілтеме  жасап.