Қытайда 30 құрылысшыны лай көшкіні басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Фуцзянь провинциясында құрылыс алаңдарының бірінде лай көшкіні жүріп, 30 адамды басып қалды.

Оқыс оқиға Саньмин қалалық округындағы Тайнин уезінде орын алды. Опырылып құлаған топырақ жұмысшылар тұратын жатақхананы басып қалған, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеуде.

Құтқарушылардың айтуынша, лай көшкініне аумақтағы тоқтаусыз жауған нөсер әсер еткен болуы ықтимал.