Қытайда 34 метрлік аққала тұрғызылды
08:05, 23 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Харбин қаласында өткен қардан жасалған мүсіндер көрмесінде 34 метрлік аққала тұрғызылды, деп хабарлайды CCTV.
Мүсінді орнату үшін 20 мың текше метрден аса қар қолданған. Аққала көрмедегі ең үлкен әрі ең биік экспозиция болып саналды.
Көрмеге сондай-ақ қар айдаһары, мұздан жасалған қамалдар мен бірнеше мұнаралар қойылған. Қар мүсіндерін жасауға жалпы 120 мың текше метр қар кеткен.