Дүйсенбі к8н3 жарияланған құжатқа сәйкес, 3 миллион юань (460 мың доллар) көлеміндегі ақшаны заңсыз қалтасына басқан немесе пара алған қылмыскерлердің кінәсі мойындалса, олар өлім жазасына кесіледі.
ҚХР-да жемқорлықпен күресудің ауқымды науқаны 2012 жылы ел тізгінін Си Цзиньпинь қолына алғаннан кейін басталды. Сол кезден бастап партиялық тәртіпті бұзғаны және жемқорлық әрекеті үшін мыңдаған шенеунік жазаланды.
Ресми статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтарында ғана 5 мың 459 шенеунік жазаланды. Комиссия мәліметіне қарағанда, 2015 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін түрлі деңгейдегі 50 мыңға жуық шенеунік жауапкершілікке тартылды.