Жер асты дүмпулері Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автоном ауданындағы Қарамай қаласынан батысқа қарай 159 километрде болған. Зілзала ошағы Қазақстан-Қытай шекарасынан 30 километр шығыста орналасқан.
Зілзала кіндігіндегі сілкіністердің қарқындылығы «қиратушы» деп бағаланған. Әзірге табиғи апаттан құрбан болғандар мен қирау туралы мәліметтер жоқ.