Қытайда 6 тонна піл сүйегінің көзі жойылды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда заңсыз табылған 6 тонна піл сүйегінің көзі жойылды, деп жазады Газета.Ru.

Қытай пілдің азуын пайдаланатын ірі елдердің бірі болып табылады. Сондықтан да қытай базарларына қызмет етіп жүргендермен күресті табиғатты қорғау мекемелері де қолдады. Акция Гауандун провинциясында өтті. Билік алдымен піл азуларынан оюлап жасаған әшекей заттардың көрмесін өткізді. Содан соң барлық «экспонаттарды» ұсақтауға жіберді.

Қытай мәдениетінде піл сүйегінен жасалған бұйымдардың символдық мәні зор болып табылады, сондықтан да нарықтағы піл сүйегіне деген сұраныс артуда.