Қытайда 67 гектар аумақты қамтитын Apple деректер орталығы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясының Қытайдағы деректер орталығының құрылысы биыл басталады. Жоспар бойынша орталық 2020 жылы ашылуы тиіс, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Деректер орталығы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясынан орын тебеді. Жобаға 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция құйылады. Жаңа Гуйань ауданында бой көтеретін, 67 гектарлық орталық Қытай аумағында iCloud қызметтерін жеткізумен айналысады.

28 ақпаннан бастап Қытайдағы iCloud қызметтерін жергілікті Guizhou-Cloud компаниясы атқарады.